Аңсаған Қожанасып Моңғолияда тоғызқұмалақтан Азия чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тоғызқұмалақтан Моңғолияда өткен Азия чемпионатында Қарағанды облысының тумасы бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Қожабековтің айтуынша, өңірде тоғызқұмалақ жан-жақты дамып келеді. «Моңғолиядағы жарысқа 8 елден 250-ден астам спортшы  қатысты. Облыс намысын Аңсаған Қожанасып қорғады. Біздің облыста спорттың осы түрінен республикалық жарыстардың жеңімпаздары бар, енді олардың қатарына Азия чемпионы да қосылды», - дейді ол.

Аңсаған қазір 17 жаста, тоғызқұмалақпен айналысып жатқанына 8 жылдан асты. «Мен спорттың басқа түрімен айналысқан емеспін, маған тоғызқұмалақ ұнайды, ол логиканы дамытады», - дейді Аңсаған.

Айта кетейік, 6 тамыз күні Қарағандыда тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар