ANSA: Нидерланды, Италия, Германия және Франция коронавирусқа қарсы вакцина жасау үшін альянс құрды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Нидерланды, Италия, Германия және Франция коронавирустан вакцина жасау үшін альянс құрды, деп хабарлады бейсенбі күні Нидерланды Денсаулық сақтау министрлігі.

Төрт ел Еуропа аумағында вакцина өндіруді қамтамасыз ету, вакцина санының жеткілікті болуын, сонымен қатар вакцинаның ЕО елдері мен Африка сынды кірісі төмен елдерге де қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін әлеуетті өндірушілер мен фармацевтикалық компаниялармен келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Нидерланды министрлігінің мәлімдемесінде айтылғандай, альянсқа кіретін төрт ел «нәтижеге қол жеткізу үшін ортақ стратегия мен ортақ инвестиция қажет екеніне сенімді. Олар «Альянсты инклюзивті вакцина үшін», оның қолжетімділігіне кепіл болу және оны дайындау процесін жылдамдату үшін құрды.


Соңғы жаңалықтар