+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

«ANSA» ақпарат агенттігі ҚазАқпаратты мерейтойымен құттықтады

2020 жылғы 13 тамыз 22:00
Бөлісіңіз:
«ANSA» ақпарат агенттігі ҚазАқпаратты мерейтойымен құттықтады

РИМ. ҚазАқпарат – Италияның «ANSA» ақпарат агенттігінің Басқарма төрағасы Стефано Пьеро Карло де Алессандри «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдық мерейтойына орай видеоқұттықтау жолдады.

«Баршаңызға сәлем! Менің есімім Стефано де Алессандри. Мен – ANSA италиялық ақпарат агенттігінің бас директорымын. Менің артымда тұрған агенттігіміздің логотипін және мерейтойымызға орай ондағы 75 жыл санын көріп отырған боларсыз.

«ҚазАқпарат» қазақстандық ақпарат агенттігіндегі достарымызға ең игі тілектерімізді жеткізуге өте қуаныштымыз. Және осы жылы екі агенттік те атаулы күнді тойлап отырғанына аса қуаныштымын.

Биыл орын алған жағдай барлығы үшін қиын болғанын білесіздер. Оқшауланғанға дейінгі соңғы сапарымыз осы Қазақстанға жасалған еді. Онда мына фотода көріп отырғаныңыздай, Асқар Умаровпен кездестім. Бұл, коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде тарала бастағанға дейін, қаңтар айында болды. Және бұл күні екі агенттіктің арасындағы Ынтымақтастыққа қол қойдық. Оны біз ерекше мақтан тұтамыз. Алты-жеті ай бұрын басталған ынтымақтастық үшін тағы да өз ризашылығымды білдіремін. Жақында сізді Италияда немесе қайтадан Қазақстанда көремін деп үміттенемін және сіздердің маңызды мерейтойларыңызға байланысты ізгі тілектерімді білдіремін», - деді ANSA Басқарма төрағасы.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT