Анна Данилина жұптық сында Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады

Фото: Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші мажарстандық Тимея Бабошпен бірге 1/32 финалда бастапқы кездесуін румыниялық Моника Никулеску және жапониялық Макото Ниномиямен өткізді.

Қазақстандық-мажарстандық жұп қарсыластарын 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Данилина мен Т.Бабош 13 брейк-пойнттың алтауын құр жіберген жоқ.

Анна Данилина – Тимея Бабош екінші айналымда тайбэйліктер Латиша Чань - Хао-Чин Чаньмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Александр Недовесов Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады.

Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына өтті.

Елена Рыбакина бокспен айналысып көруі мүмкін екендігін айтты.

Соңғы жаңалықтар