Анна Данилина Польшадағы турнирдің екінші айналымына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Анна Данилина беларусьтік спортшы Лидия Морозовамен жұптасып, Польшадағы WTA сериялы турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Данилина мен Морозова ресейлік теннисші Варвара Флинк пен Польша өкілі Вероника Базакты 6:1, 2:6, 10:7 есебімен жеңді. 1 сағат 9 минутқа созылған матч кезінде Данилина екі эйс жасады.
Тағы бір қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Тампереде өтіп жатқан Челленджер турнирдің екінші айналымына шықты. Попко бразилиялық теннисші Орландо Лузды 7:6, 7:5 есебімен жеңді.

Екінші айналымда Попко италиялық Андреа Арнаболдимен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар