Анна Данилина Ноттингем турнирінің ширек финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Ноттингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші қытайлық Сюй Ифаньмен бірге аталмыш жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген.

Данилина мен Ифань бастапқы кездесуін америкалық Дезире Кравчик - швейцариялық Жиль Тайхманмен өткізді.

Қазақстандық-қытайлық жұп тартысты матчта 5:7, 6:2, 10:8 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Данилина мен Ифань 1 эйспен бір 6 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.

Олар жартылай финалға шығу үшін грузиялық Натела Дзаламидзе - америкалық Сабрина Сантамариямен таласады.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Хертогенбос (Нидерланд) жарысының екінші айналымында рейтингте 9-орында тұрған италиялық Янник Синнерге есе жіберді - 4:6, 2:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Уимблдон турнирінің жүлде қоры рекордтық көлемге жеткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Недовесов Нидерландтағы жарыста «Үлкен дулыға» чемпиондарын ұтты.

Соңғы жаңалықтар