Анна Данилина Германия турнирінің стартында жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Анна Данилина Хехингендегі (Германия) жекелей разряд турнирінде дебют жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Америкалық теннисші Кьяра Шолльмен өткен матчта Данилина 2:6, 3:6 есебімен екі сетте жеңіліп қалды.

Кездесу бір сағат, бес минутқа жалғасты. Кездесу топырақ үстінде ITF сериялы неміс турнирінің 1/16 финалында өтті.

Қазақстандық жеке разрядта WTA рейтингінде 357-ші орында және жұптық разрядта 19-шы орында тұр. Бұл қазақстандықтар арасындағы үздік көрсеткіш. Таяуда Данилина Польша астанасы Варшавада жұптық турнирде жеңіске жеткен еді.


Фото: sports.kz



Соңғы жаңалықтар