Анна Данилина Цинциннати турнирін жеңіспен бастады
2022 жылғы 18 тамыз 09:07

Анна Данилина Цинциннати турнирін жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда аустралиялық Саманта Стосур - тайбэйлік Латиша Чаньмен кездесті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 7:6 (7:5) есебімен аяқталды.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта Анна мен Беатрис 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Қарсыластары 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя ширек финалға шығу үшін жапониялық Ена Шибахара - қытайлық Чжан Шуаймен таласады.

Беатрис пен Анна биыл жыл басында Сидней WTA 500 додасында үздік шыққан еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Цинциннатиде «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионын ұтқанын жазған болатынбыз.


Фото: ktf.kz

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT