Анна Данилина Чехиядағы жарыстың ширек финалына шықты

2022 жылғы 4 қазан, 21:17
Анна Данилина Чехиядағы жарыстың ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге бастапқы кездесуін чехиялық Рената Ворачова – қытайлық Сю Ванмен өткізді.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта Анна мен Беатрис 3 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін өз есептеріне жазды. Қарсылас жұп 2 брейкпен ғана көзге түсті.

Қазақстандық-бразилиялық дуэт жартылай финалға шығу үшін чехиялықтар Никола Бартункова – Барбора Палицовамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Чехияда әлемнің 17-ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Astana Open ATP 500 турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы жеңіліп қалды.

Карен Хачанов Астанаға теннис жұлдыздары жиналғанын айтты.

Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирді жеңіспен бастады.

Astana Open ATP 500 турнирінде Александр Бублик 15 эйс жасап, екінші айналымға шықты.

Фото: sports.kz


Теги:
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar