Анна Данилина Чехиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда чехиялықтар Никола Бартункова – Барбора Палицовамен шеберлік байқасты.

Бір сағат 28 минутқа созылған матчта қазақстандық-бразилиялық жұп 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Данилина мен Хаддад Майя 1 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ.

Олардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open ATP 500 турнирінде Александр Бубликтің 15 эйс жасап, екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.

Астана турнирінде қазақстандық жұп ширек финалға шыға алмады.

Соңғы жаңалықтар