Анна Данилина әлемдік рейтингіде 19-орынға көтерілді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұптық сында Варшава турнирінің жеңімпазы атанған Анна Данилина 23-тен 19-орынға көтерілді.

Осылайша, А.Данилина жұптық сындағы өзінің үздік көрсеткішін қайталады. Ол 19-сатыға биылғы 11 шілдеде алғаш шыққан еді.

Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы, Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина 23-орнында қалса, Юлия Путинцева 41-ден 42-ге сырғыды. Зарина Дияс 245-тен 244-ке шықты.

Рейтингте Полша өкілі Ига Свентек бұрынғыша көш бастаса, эстониялық Анетт Контавейт екінші, грекиялық Мария Саккари үшінші сатыда тұр.

Жұптық сында бельгиялық Элизе Мертенс, қытайлық Чжань Шуай және чехиялық Катерина Синякова үздік үштікке ілікті. Елена Рыбакина 65-тен 66-ға сырғыды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Анна Данилинаның Варшава турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннистен әлем чемпионатында жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды.


Фото: ktf.kz



Соңғы жаңалықтар