Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың финалында ұтылып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің финалына дейін жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Данилина мен сербиялық Александра Крунич аталмыш жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген еді.

Қазақстандық-сербиялық жұп соңғы бәсекеде доданың екінші ракеткалары, америкалық Николь Меличар-Мартинес - аустралиялық Эллен Переспен шеберлік байқасты.

Америкалық-аустралиялық дуэт 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа ие болды.

Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде А.Данилина мен А.Крунич 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыластары 4 эйс, 5 брейкпен көзге түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның АҚШ-тағы турнирдің финалына өткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар