Анкараны құмды дауыл басып қалды

None
None
АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат –Түркия астанасын сенбі, 12 қыркүйекте құмды дауыл басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша Сауд Арабиясы шөлінен көтерілген шаңды бұлт Анкара қаласында жолда жүру, көру мүмкіндігін қиындатты. Кей жерлерде тіпті қозғалысты тоқтатуға тура келді.

Алапат дауыл небәрі жарты сағат ішінде бір шақырым аумақтағы көзге көрінетін жердің бәрін құммен және шаңмен басып қалған.

Ауруханаларға Анкараның кем дегенде алты тұрғыны жүгінген.


Соңғы жаңалықтар