Анкарада жүрдек пойыз жерасты өткеліне соқтығысты

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Бүгін Анкара-Конья жолаушылар жүрдек  пойызы Енимахалле ауданында Маршандиз стансасында жерасты жаяу өтпе жолына соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.

Соқтығысу салдарынан екі вагон рельстен шығып, аударылып, жерасты өткелінің бір бөлігі вагонның үстіне опырылып түсті.

Көптеген адамдардың жарақат алғаны хабарланды. Олар жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Апаттың мән-жайы тексеріліп жатыр. 
null

Соңғы жаңалықтар