Анкарада жер сілкінді

None
None
АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат – Анкара түрік провинциясының Акьюрт ауданында бейсенбі күні магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінді, деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.

Түркия үкіметі жанындағы(AFAD) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 06.54-те тіркелген.

Зілзала ошағы 13 километр тереңдікте орналасқан.

Қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ.



Соңғы жаңалықтар