Анкарада Жамбыл Жабаев атындағы көше ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия астанасы - Анкара қаласында Жамбыл Жабаев атындағы көше ашылды. Бұл туралы Фейсбук -те біздің отандасымыз Ержан Жүнісов хабарлады.

«Түркияның бас қаласында дүбірлі той! Бүгін Анкараның Кечиөрен ауданындағы көшеге жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Жаңа көше айтыс өнерінің дүлдүлі, ақиық ақын Сүйінбай Аронұлының саябағы жанынан салтанатты түрде ашылды. Құтты болсын!»,-  деп жүрекжарды  қуанышымен бөліседі Ержан Жүнісов.







Соңғы жаңалықтар