Анкарада Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі хатшылығының қабылдаушы мемлекет келісіміне қол қойылды

None
None
СТАМБҰЛ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Анкарада Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі хатшылығына қатысты келісімге Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлу мен Түркі Кеңесінің бас хатшысы, елші Халил Акынжы қол қойды.

Қазақстан,Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан тарапынан 2009 жылы 3-ші қазанда қол қойылған Нахичеван келісіміне сәйкес Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің орталығы Ыстамбұл қаласында орналасқан. Ал Кеңес 2010 жыл 1-ші қарашадан бастап қызметіне кірісті.

Қабылдаушы мемлекет келісімінде, аталған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі хатшылығының мәртебесі мен қызметінің құқықтық негіздері бекітілді.

Түркия Сыртқы істер министрлігі тарапынан жасалынған баяндамада «Кеңестің құрылуы бүкіл түркі дүниесінің бірігуіне жасалынған алғашқы тарихи қадам. Ал мақсаты түркі дүниесіндегі өзара сенімнің нығайтылуы, экономикалық ынтымақтастық мүмкіншіліктерін жылдамдату және әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту болып табылады. Сонымен қатар түркі дүниесінің ортақ тарихи және мәдени құндылықтарын мүмкіндігінше кеңінен пайдалану» екендігі баса айтылған болатын.

Сондай-ақ, Түркі дүниесі ынтымақтастығы кеңесінің Еуразия аймағындағы ынтымақтастық құрылымдары арасында да өз орнын алуы және аймақтағы ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатылуы да көзделіп отырғандығы айтылды.

Соңғы жаңалықтар