Анкарада түркітілдес елдердің ынтымақтастығы талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы және Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октаймен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Кездесуде түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы жан жақты талқыланды. Атап айтқанда Түркі кеңесінің түркітілдес елдердің интеграциясындағы айрықша рөліне тоқталды.
Сондай-ақ, алдымыздағы уақытта түбі бір түркі жұртының рухани бесігі - Түркістанда өткізілуі жоспарланған Түркі кеңесінің бейресми саммиті егжей-тегжейлі талқыға салынды.
Бұдан бөлек, Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығы аталып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды. Әсіресе, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және тағы басқа салалардағы ықпалдастықтың тиімді тетіктері талқыланып, осы бағыттағы жұмыстарды бауырлас халықтардың игілігі үшін бұдан әрі жалғастыру келісілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Түркия Вице-Президенті Фуат Октайдың тең төрағалығындағы Үкіметаралық экономикалық комиссияның іс-шаралары жоспарының орындалу барысы және алдағы уақытта онлайн форматта өтетін басқосудың күн тәртібі тілге тиек болды.
- Қазақстан Елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
- Қазақстан Елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
- Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы Елшісі болып тағайындалды
- Уфук Экиджи: Қазақстан Түркия үшін қызығушылығы басым ел болып қала береді
-
29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды
-
Қырғызстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам