Анкарада түркітілдес елдердің медиа-форумы басталды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Бүгін Анкара қаласында Түркия Республикасы Үкіметінің Бұқаралық ақпарат және баспасөз бас басқармасы (BYEGM), сондай-ақ Түркия СІМ-нің Стратегиялық зерттеу орталығының (SAM) бірлесіп ұйымдастыруымен Түркітілдес мемлекеттердің екі күндік медиа-форумы өз жұмысын бастады.

Форумның басты тақырыбы - «Жаһандану әлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдары: мүмкіндіктері мен проблемалары» болды.

Аталған шараға Түркия Премьер-Министрінің орынбасары Бүлент Арынч, Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлы, Ақпарат және баспасөз бас басқармасының (BYEGM) бастығы Мұрат Қаракая және Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Солтүстік Кипр сияқты елдердің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында түркітілдес елдердің өкілдері ынтымақтастықты күшейту және ықпалдастық жолдарын талқылайтын болады.

Форум аясында «Түркі әлемінің саяси, экономикалық және әлеуметтік саласында ынтымақтастығын дамытудағы бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» атты семинар өтеді.

Аталған шарада сөз алған Түркия Премьер-Министрінің орынбасары Бүлент Арынч, Түркиядағы БАҚ-тың жағдайы мен оны дамытудағы атқарылған жұмыстарын баяндап, түркітілдес мемлекеттердің баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалдастығын нығайту жөнінде айттты.

«Әлемде БАҚ рөлі өсуде, сондықтан да түркітілдес елдердің баспасөз қызметтері және өкілдерінің арасындағы байланыстарды қарқынды жоғарылатып, күшейтудің қажеттілігі бар», деді М. Қаракая өз сөзінде.

Ахмет Дәуітоғлу болса, ұйымдастырылған шараның маңыздылығын айтып, түркітілдес елдерде заман талабына сай қоғамдық пікірге ықпал ететін еркін баспасөз ақпараттық құралдарын дамытып, сонымен қатар бұл елдерде БАҚ санын арттыру керектігіне тоқталды.

Сондай-ақ, түркітілдес елдеріндегі БАҚ-тың дамыту және өркендетуін құрылымдастыратын біртұтас орган қажет екендігін айтты.

Түркітілдес мемлекеттердің медиа-форумы соңында Декларация қабылданады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар