Анкарада ТҮРКІСОЙ аясында Мирза Фатали Ахундов жылының ашылуы және журналистерді осы Ұйым сыйлығымен марапаттау салтанаты болып өтті

None
None
АНКАРА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркия астанасы  Анкарадағы ТҮРКІСОЙ Бас Хатшылығы ғимаратында «2012 жыл Мирза Фатали Ахундов жылының» ашылуы және журналистерді ТҮРКІСОЙ сыйлығымен марапаттау кеші болып өтті.

Әзірбайжан, Грузия, Түркия Республикаларының мәдениет министрліктері, Түркия Республикасы Қорғаныс министрлігі және Косово Мемлекеттік Басқару министрлігі тарапынан ұйымдастырылған кеште ТҮРКІСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Әзірбайжан Мәдениет және туризм министрі Эбулфес Гараев, Грузия Мәдениет және ескерткіштерді қорғау министрі Николоз Роруа, Косово Мемлекеттік Басқару министрі Махир Яғжылар және Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Эртуғрул Гүнайдың баяндама жасады.

Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ТҮРКІСОЙ-дың атқарып жатқан қызметі жайлы атап өтті. Түркі халықтарының көптеген мәдени қайраткерлерін ТҮРКІСОЙ танытып жатқанын еске салды. Сондай-ақ Дүйсен Қасейнов: «ТҮРКСОЙ Бас хатшылығының жиналыс залында өткізілетін еске алу шаралары дәстүрге айналды. Қасым Аманжолов, Ресул Ризаны, Дина Нүрпейісованы, Казым Мечиді  және тағы да басқа көптеген мәдениет қайраткерлерін Түркия халқы ТҮРКСОЙ арқылы таныды. ТҮРКСОЙ-ға мүше басқа елдерде де осы тәріздес қызметтер іске асырылуда. Мақсатымыз тілі, мәдениеті және тарихы бір халықтарымызды бұдан да жақындастыру», - деді.

«Ахундов жан-жақты тұлға. Алайда біз оның әдебиет және театр салаларындағы қызметіне тоқталамыз. Ахундов Түркі дүниесіндегі алғашқы драматург. Ол ең қиын болып саналатын әзіл жанрында қызмет жасаған. Батысты Шығысқа, Шығысты Батысқа танытқан», деді Д. Қасейінов өз баяндамасында.

Әзірбайжан Мәдениет және туризм министрі Эбулфес Гараев осындай жиынға қатысқанына қуанышты екенін және осы секілді жиындардың ТҮРКІСОЙ мен Әзірбайжан арасындағы достық көпірінің нығаюына себепші болатынын жеткізді. ТҮРКІСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновқа өз алғысын білдірген Э. Гараев, ТҮРКІСОЙ-мен арадағы ынтымақтастықтың жақсы нәтижелерге жеткеніне қуанышты екенін айтты.

Грузия Мәдениет және ескерткіштерді қорғау министрі Николоз Роруа Ахундовтың грузин тіліне аударылған еңбектерінің де бар екенін, Ахундовтың Шығыс Мольері екенін айтты. Роруа сондай-ақ Ахундовтың еңбектерін әлемнің басқа да тілдеріне аударылуы керек екенін де айта кетті.

Косово Мемлекеттік Басқару министрі Махир Яғжылар болса Түркияға іссапары барысында осындай маңызды жиынға қатысқанына қуанышты екенін және де Косовода Түркі тілінің дамуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатқанын айтты. 

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Эртуғрул Гүнай бұл жиынның соңғы бір айда ТҮРКІСОЙ ғимаратында қатысқан екінші басқосу екенін еске сала отырып, ТҮРКІСОЙ ұйымының соңғы кезеңде көптеген жетістіктерге жеткенін айтты. ТҮРКІСОЙ-дың қызметіне көрсетіліп жатқан қызығушылықтарға өте қуанышты екенін жеткізген Гүнай, «ТҮРКІСОЙ Наурыз мерекесін АҚШ-та құттықтаған, әлемнің мәдениет орталықтарында маңызды жиналыстар өткізген ұйым. ТҮРКІСОЙ бұл маңызды жиналыстарды Сурет және Ескерткіш музейінде де өткізе алады» - деді. Сонымен қатар Гүнай: «Алфавит және әдебиет салаларында Ахундов маңызды із қалдырған. Бұл жиын Ахундовтың рухын шаттыққа бөлейтін оқиға. ТҮРКІСОЙ тарапынан ұйымдастырылған осы секілді іс-шаралардың өз жалғасын табуына тілектеспін», -  деді.

Шара барысында  Ахундовтың өмірінен сыр шертетін қысқа фильм мен Әзірбайжандық мугам триосы көрерменге өнерін көрсетуімен жалғасты.

 «Мирза Фаталы Ахундов жылының» ашылуынан кейін баспасөз қызметкерлеріне ТҮРКСОЙ сыйлығы тапсырылды.

Мақтау қағаздарын ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Әзірбайжан Мәдениет және туризм министрі Эбулфес Гараев, Грузия Мәдениет және ескерткіштерді қорғау министрі Николоз Роруа, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Эртуғрул Гүнай және Түркия Республикасы Қорғаныс министрі Исмет Йылмаздан алған баспасөз қызметкерлері ТҮРКСОЙ сыйлығын алғандарын мақтан тұтатынын айтты.

Түркі дүниесінің БАҚ өкілдері арасында ТҮРКІСОЙ сыйлығына Қазақстаннан Э.Жылқыбаев, И.Дынникова, Түркиядан А.Макиниз, С.Түрксой, Қырғызстаннан Р.Мешедихасанлы, Р.Абдуманапов, Әзірбайжаннан - В.Гулиева, А.Джамал, Хакасиядан - О.Карачакова, Башқұртстаннан - Г.Кутуева, Солтүстік Кипр Түрік республикасынан - Р.Решат, М.Исламоғлу, Татарстаннан - Д.Пивоваров ие болды.

Соңғы жаңалықтар