Анкарада Түркі кеңесі диаспора мәселелеріне жауапты министрлер мен мекеме басшыларының II жиыны өтті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Анкарада 14 мамырда Түркі кеңесі диаспора мәселелеріне жауапты министрлер мен мекеме басшыларының II жиыны өтті.

Түркия Республикасы Премьер-Министрінің жанындағы Шетелдегі түріктер және туыстас қоғамдар басқармасында өткен жиында Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің лауазымды тұлғалары бас қосты. Түркі кеңесінің Бас хатшысы Халил Акынжы төрағалық еткен отырысқа ТҮРКПА Бас хатшысы Рамил Хасанов және ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ та қатысты. Жиынның алдында делегациялар Ататүріктің кесенесіне зиярат жасап, гүл шоқтарын қойды.

Жиын барысында Түркі кеңесі Түркітілдес диаспораның ортақ әрекет стратегиясы қабылданды. Бұл құжатқа Әзірбайжан Республикасының атынан Диаспорамен жұмыс бойынша мемлекеттік комитеттің төрағасы Назим Ибрагимов, Қазақстан Республикасының атынан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, Қырғыз Республикасының атынан Қырғызстанның Түркиядағы Елшісі Ермек Ибраимов, Түркия Республикасының атынан Премьер-Министрдің орынбасары Бекир Боздағ қол қойды.

Стратегияда диаспоралардың құқықтарын қорғау, тұрып жатқан елдерiнде әлеуметтiк және саяси белсендiлiктерiн арттыру, сонымен қатар олардың тарихи отандарымен байланыстарын күшейту және тарихи отандарының мүддесiн қорғайтын тетiкке айналдыру мақсаттарына жетудiң жолдары қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар