Анкарада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Қазақстан туралы суреттер көрмесі ашылды

None
None
АМБҰЛ. 28 сәуір. ҚазАқпарат / Ирина Дынникова/ - Анкарада Қазақстан Елшілігі мен Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен белгілі түрік суретшісі Явуз Алатанның «Қазақстан жайлы суреттер» көрмесі ашылды.

Көрме келушілерді Қазақстанның үлкен қалаларының көрікті жерлері, мәдени және тарихи ескерткіштері, қайталанбайтын және бірегей табиғатының әсем көріністері мен жануарлар дүниесі бейнеленген фотосуреттер жиынтығымен таныстырады.

Экспозицияға қойылған жұмыстар түрік суретшісінің Қазақстан бойынша жасаған саяхатының нәтижелері болып табылды.

Іс-шараға ТР Мәдениет және туризм министрі Е. Гүнай, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Д. Қасейінов, түрік зиялы қауымының, шығармашылық одақтарының, академиялық, қоғамдық-саяси топтарының, Анкара қаласы дипломатиялық корпусының және т.б. өкілдері қатысты.

Аталған көрменің Қазақстанды түрік жұртшылығына жақынырақ таныстырудағы маңызы зор болды.

Соңғы жаңалықтар