Анкарада Өзбекәлі Жәнібекті еске алды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

***

Тәжікстанда «Наурыз - туризм мәдениетінің мұрасы» атты фестиваль өтеді - Fars ақпарат агенттігі

null 

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында «Наурыз - туризм мәденитінің мұрасы» атты фестиваль ұйымдастырылады, деп хабарлайды Fars ақпарат агенттігі.

Тәжікстанның Мәдениет министрлігі мәлімдеме жариялап, фестивальдің наурыздың жиырма бесі күні Наурыз мерекесі мен Тәжікстандағы «Туризм мен қолөнер саласын дамыту жылына» орай өткізілетінін айтқан.  «Тәжікстанда Наурыз фестивалін өткізудің мақсаты - Наурыз мерекесі күндері осы елге келген туристерге Тәжікстанның туризм мен мәдениет саласындағы әлеуеттерін таныстыру», деп жазады дереккөз.

 

Анкарада Өзбекәлі Жәнібекті еске алды - TRT

null 

Анкара қаласында білім алып жатқан қазақстандық студенттер қоғам қайраткері, ғалым Өзбекәлі Жәнібекті еске алу кешін ұйымдастырды. Бұл туралы Түркия Радио Теледидар порталы жазады.

Қазақтың әрбір қол-өнер бұйымдарын сақтап, жоғын түгендеген, ұлттың ұмыт қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жаңартқан, халықтың тарихи жәдігерлерін жинап, «ұлтым» деп еңбек етіп, тоталитарлық жүйеге қарсы тұрған қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, Өзбекәлі Жәнібекке арналған кеш оның дүниеден озуының 20 жылдығына орайларстырылған.

«Бес ғасырдан бері қойған орнынан қозғалмай, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық бөлмесінде тұрған жәдігер - Тайқазанды 1935 жылы Санкт-Петербургте өткен Иран шеберлері мен археологиясына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның көрмесіне қою үшін әкеткен болатын. Өзағам 1977 жылы мал басып жүрген Ахмет Ясауи атамыздың кесенесін қалпына келтіріп, Тайқазанның Түркістанға қайтарылуына зор үлес қосты», дейді еске алу кешін жүргізген Мырзахан Байжанұлы.

Кеш барысында, тарихи тұлғаға арналып құран оқылып, ұлт мұратының жоқшысы, кемел қайраткер дәрежесіне жету жолын шебер бейнелеген «Өмір жолы - Өзбекәлі Жәнібек» деректі фильмі көрсетілді. Өзбекәлі Жәнібек  - Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде 300-ден астам құнды жәдігерді бұрынғы қалпына келтіріп, қорғау үшін тікелей күш жұмсады.

Қытай Парламентіне 6 қазақ депутат болып сайландыТянь-Шань порталы

null 

Қытайдың жоғары заң шығарушы органы -Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) 13-шақырылымына 6 қазақ депутат болып сайланды.

Тянь-Шань порталында жарияланған депутаттардың толық тізіміне Қытайда тұратын қазақ халқының 6 өкілі кірді. Мұқият Жармұхамедұлы, Ержан Жуанханұлы, Құрмаш Сыржанұлы, Ғанибат Сәбікейқызы және Риза Бақдәулетқызы қатарлы 5 депутат Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен сайланса, Мақпал есімді қазақ қызы Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде сайланып отыр.

Айта кетерлігі, Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде қазақ әйелінің депутат болып сайлануы Қытай тарихында тұңғыш рет тіркеліп отыр. Ал бұған дейінгі Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде депутат атанған қазақ өкілі 1983 жылығы 6-шақырылымында сайланған болатын.

Еске сала кетсек, 24 ақпан күні Бүкілқытайлық халық құрылтайының 12-кезекті тұрақты комитеті барлық 2980 депутаттың тізімін бекітті. 13-шақырылым өкілеттігі 2018 жылғы наурыздан 2023 жылға дейін жалғасады. Дауыс беру ел бойынша ашылған 35 сайлау учаскесінде жүріп, Қытайда өмір сүретін 55 ұлттан 438 депутат сайланды.

Бүкілқытайлық халық құрылтайы 13-кезекті тұрақты комитетінің бірінші жалпы мәжілісі 5 наурыз күні Бейжің қаласында өтеді.  
  

Қытай әлемдегі ең ұшқыр пойыз шығармақ: Жолаушылар отбасылық кинотеатрда отырғандай сезінеді - «Жэньминь жибао» (People Daily)

Қытайда сағатына 600 шақырым жылдамдықпен қозғалатын жүрдек пойызды іске қосу мүмкіндігі зерттелуде. Бұл туралы «Жэньминь жибао» ақпараттық порталы хабарлады.

«Қазір сағатына 400 километрден жоғары жылдамдықпен жүретін және рельсті өздігінен ауыстыра алатын пойызбен бірге, жылдамдығы сағатына 600 километр болатын магнитті қалқыма пойызды зерттеу үстіндеміз. Болашақта жолаушылар ұшқыр пойызға мінгенде, отбасылық кинотеатрда отырғандай сезінетін болады», - деді академик Диң Рұңжүн Мемлекеттік кеңестің ақпарат орталығында өткен жиын барысында.

Ғалымның айтуынша, әлемдегі ең жүрдек болатын бұл пойыздың энергия үнемдеуі бүгінгі қолданыстағы жылдам теміржол көліктерінен әлдеқайда алда болады.

«Энергияны сарп ету мөлшері адам басына шаққанда орта есеппен қазіргі уақыттағы  «Хышие» атты ұшқыр пойыздан 17% төмен болады», - дейді академик.

Диң Рұңжүннің сөзінше, Қытайдың қазіргі таңдағы ұшқыр пойыз саласындағы зерттеулері әлемдегі ең озық саналады. Ол сондай-ақ зерттелу үстіндегі жаңа пойыздың ең басты артықшылықтарын атады. Пойыздың жылдамдығы артып қана қоймай, ұялы телефон сигналы да жақсара түседі. Онымен қоса, вагондарды кинотеатрларға барынша жақындату үшін, оның терезелері электронды экран етіп жасалмақ. Сөйтіп, жолда ұзақ болған жолаушылар діттеген жеріне шаршамай жететін болады.

Айта кетейік, магнитті қалқыма пойыздар басқаша магнитоплан немесе маглев деп аталады. Олар болат жолдармен магнитті өрістің күшімен қозғалады. Мұндай құрамдар, дәстүрлі пойыздармен салыстырғанда қозғалыс барысында рельстің үстімен жанаспайды. Себебі теміржол мен пойыздың арасында кеңістік болады.

Түркия әлемдік кілем экспортында бірінші орынға көтерілді - TRT

null 

Түрік кілем экспортшылары Қытай, Үндістан және Бельгия сынды үлкен кілем өндірушілерін артқа тастады.

Түркия Радио Теледидар порталының мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы кілем саудасында 1,85 миллиард доллардың экспортына қол жеткізген. Осылайша, бұл көрсеткіш арқылы әлемде ең үлкен экспортшы орынға көтерілген түрік кілемшілері Қытай, Үндістан және Бельгия сынды үлкен кілем өндірушілерін басып озған. Өткен жылының алғашқы 2 екі айымен салыстырғанда 2018 жылдың 2 айында экспортты ерекше арттырған сектор өкілдері Еуропа, Америка және Орташығыс елдерінен кейін бағытын Солтүстік Африка нарығына аударды.

Экспортта нысандарын үлкейткен түрік кілем экспортшылары болашақта Македония, Косово, Албания, Марокко, Тунис және Алжирде көрме ашуда жоспарлауда.

Мұзтау бейне шылауышты қарт ана -  «Ағажай-Алтай» порталы

  null 

«Ағажай-Алтай» порталында Қабылқан Айтқабылұлының  «Мұзтау бейне шылауышты қарт ана» атты фоторепортажы жарияланды.

null 

 Шынжаң өлкесіне қарасты Алтай аймағының Жеменей ауданында орналасқан теңіз деңгейінен 3835 метір биіктіктегі алып Мұзтау - төрт маусым бойы төбесінен қар кетпейтін көрікті мекендердің бірі.

null 

Назарларыңызға әр маусымдарда түсірілген Мұзтаудың ғажайып көрністерін ұсынамыз.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар