Анкарада Наурыз мейрамы тойланды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 22 наурыз. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Анкарада «Наурыз» мерекесіне орай салтанатты шара болып өтті.

Аталған шараға Әділет және Даму партиясының бас хатшысы, қазақстан- түрік парламенттік достық тобының төрағасы Халюк Ипек, сондай- ақ басқа да танымал қоғамдық және мәдениет қайраткерлері, қазақ диаспора өкілдері және Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты.

Мерекелік басқосуда ӘДП бас хатшысы Х. Ипек қатысушыларды Наурыз мейрамымен құттықтады. « Наурыз мейрамы ата-бабалар дәстүрін жалғастырып, бүкіл этностардың арасында достық пен бейбітшілікті нығайтып, біздің ортақ жалпыхалықтық мерекеге айналды. Қазақстан мен Түркия қарым қатынастары басқа елдер үшін үлгі тұтарлықтай, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың символы» - деді ол.

Ж. Түймебаев өз кезегінде келген қонақтарды мерекемен құттықтап, бақыт пен сәттілік тіледі. Қазақстан елшісі мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, ерекше ықылас танытқан диаспора өкілдері мен студенттерді грамоталармен марапаттады.

Салтанатты шара танымал  әнші, халықаралық жүлделердің иегері, ҚР халық әртісі Қ. Болманов пен  «Наз» және «Аққу» би топтарының қатысуымен концерттік бағдарламаға жалғасты.

Қазақ диаспорасы мен студенттер үшін «Наурыз» мерекесі аса ерекше болды. Түркиядағы қазақстандықтар кезекті рет қазақ ұлттық өнермен, еліміздің музыкалық топтардың шығармашылығымен танысты.  Сондай-ақ салтанатты қабылдау ұйымдастырылып, қатысушыларға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар