Анкарада Мәдени туризм саммиті өтті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Анкарада  Шератон отелінде Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі,

 ЮНЕСКО-ның Түркиядағы комиссиясы, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы және Анкара қаласы әкімшілігі  қолдауымен «Түркия - Ашық аспан астындағы мұражай» атты саммит өтті.

Аталмыш саммитке Түркия Мәдениет және туризм министрі Э. Гүнай, Анкара қаласының әкімі М.Гөкчек, сондай- ақ ТҮРКСОЙ-дың шақыруымен келген Қазақстан, Әзербайжан, Түркіменстан және Татарстанның (Р.Ф) Мәдениет және туризм министрліктерінің өкілдері қатысқан болатын. Ұйымдастырылған шарада  Түркия Республикасының президенті А. Гүлдің құттықтау хаты оқылды.

Саммит аясында өткен мәдени туризм көрмесінде Түркия аймақтары мен туризм ұйымдарының стендтері жанында құрылған Қазақстан, Әзербайжан, Түркіменстан және Татарстанның стендтері де қонақтарды ерекше қызықтырды.  

 Бұл шараға Қазақстан Мәдениет министрлігі атынан Гүлбану Қайырғалиева қатысқан болатын.

Саммит барысында 8 конференция болып өтті. Баяндамашылар Түркиядағы туризм секторының дамуы, бұл саладағы мәдени туризмнің орны, мәдени туризмнің бағыты және табысты жобалары, мәдени мұраның сақталуы, «Туризм стратегиясы - 2023» жобасындағы мәдени туризм сияқты  тақырыптар жөнінде сөз қозғаған болатын.    

Соңғы жаңалықтар