Анкарада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркия астанасы Анкарада «Елбасы – түркі ықпалдастығының сәулетшісі» тақырыбында халықаралық конференция өтіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған көрменің салтанатты ашылуы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға Түркиядағы Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчы және өзге елде елдердің көрнекті қоғам және саясаткерлері қатысты. Қазақстан Елшілігі мен Кечиорен ауданының әкімдігі ұйымдастырған конференция мен көрме тарихи Эстергон ғимаратында өтті.

Конференция барысында спикерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға қосқан үлесі, сонымен қатар түркі ықпалдастығына қатысты бастамалары талқыланды. Олар Елбасын қазіргі заманның Білге қанағаны деп атап өтіп, Н.Назарбаевтың жалпы бастамалары түркі әлемінің болашақ ұрпағы үшін баға жетпес мұра болатындығына назар аудартты.

Алқалы жиын барысында сөз сөйлеген Абзал Сапарбекұлы Түркия жайында айтқанда ұлы қолбасшысы әрі реформатор Мұстафа Кемал Ататүрікті еске түсірсек, Қазақстан жайында сөз қозғағанда ойымызға Елбасы түсетіндігін атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің жетістіктерінің бастауында тұрған ұлы адам Нұрсұлтан Назарбаев деп нақты айта аламыз», - деді ол.

Ал Түркия Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу Қазақстан халқын Тұңғыш Президент күнімен және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар ол Қазақстанның түркі әлеміндегі және түркі елдері арасындағы ықпалдастық процестеріндегі рөлінің маңыздылығына тоқталды.


Соңғы жаңалықтар