Анкарада Қазақстандағы қаңтар оқиғасы талқыланды

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркия астанасында сарапшылар Қазақстандағы қаңтар айында болған оқиғаны талқылап, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Шараны Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен Жаһандық журналистер кеңесі, «Сахипқыран» стратегиялық зерттеулер орталығы және Түркия-Қазақстан достық қауымдастығы ұйымдастырды.

Сарапшылар жыл басынан бері күн тәртібіндегі әлемдік тақырыпқа айналған Қазақстандағы қайғылы оқиғаны талқылады. Пікірталас журналистердің жаһандық кеңесінің YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.
Түркияның қоғамдық-саяси топтары наразылық акциялары кезінде Қазақстан басшылығының қабылдаған шараларын түсіндірді. Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы елдегі жағдай туралы айтып, жергілікті аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды.
Зерттеуші Фейзулла Будак Қазақстандағы көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, қазақ тарихына, әлеуметтануына және мәдениетіне терең талдау жасады. Соңғы оқиғалар аясында ол Қ.Тоқаев пен Н.Назарбаевтың тығыз байланысы мен қарым-қатынасын оң бағалады.


Соңғы жаңалықтар