Анкарада Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қыркүйекте Анкара уақытымен сағат 12:00-де MARRIOT ANKARA қонақүйінде Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Kazakh Invest» компаниясына сілтеме жасап.

Форум аясында ынтымақтастық туралы шарттар мен бірқатар меморандумдарға қол қойылады.

Форумның басты мақсаты - түрік инвесторларын Қазақстан экономикасымен, инвестициялық ахуалмен таныстыру, инвестиция тартуға және екі елдік іскерлік ортасы арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар ұсыну, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастық болашағын талқылау үшін екі мемлекеттік кәсіпкерлері үшін алаң ұсыну.

 

 

Соңғы жаңалықтар