Анкарада Қазақстан мен Түркияның сыртқы саясат ведомстволары арасында АӨСШК шеңберіндегі өзара ықпалдастық бойынша консультациялар өтті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Анкарада Қазақстан мен Түркияның сыртқы істер министрліктері арасында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) шеңберіндегі өзара ықпалдастық бойынша саяси консультациялар өтті,

  деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.

   ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Сарыбай, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаев және ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Д.Бақышев ТР Сыртқы істер министрі А.Давутоғлудың қабылдауында болды. Кездесу барысында Қ.Сарыбай екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың жоғары деңгейін растайтын ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ТР Президенті А.Гүлге арнаған жолдауын табыс етті. Сондай-ақ А.Давутоғлуға екіжақты байланыстарды дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін  «Қазақстан  Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалін тапсырды.

   Келіссөздер барысында екі бауырлас ел арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы, оның ішінде АӨСШК шеңберіндегі ықпалдастық  талқыланды

Қ.Сарыбай Түркияның АӨСШК-ге төрағалығы кезеңінде оның  дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтіп, Қазақстан тарапының АӨСШК-нің барлық бағыттары бойынша Түркияға барынша қажетті көмек көрсететінін жеткізді.

  Келіссөздерге  қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты, халықаралық және аймақтық сипаттағы мәселелерде өзара ықпалдастықты  одан әрі тереңдету мақсатында жоғары деңгейде  сапарлар ұйымдастыру үшін күш-жігерлерін жұмылдыруға әзірліктерін растады.

Соңғы жаңалықтар