Анкарада Қазақстан мен Түркия СІМ арасында консультациялар өтті

None
None
 ЫСТАМБҰЛ. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының   дипломатиялық қатынастардың 20  жылдығына орай, екі елдің  саяси ведомстволарының арасында кезекті консультациялар болып өтті.

Қазақстандық делегацияны ҚР  СІМ орынбасары А. Жұмабаев басқарып барса, Түркия тарапынан ТР СІМ орынбасары Фатих Джейлан басшылық етті.

Келіссөздер барысында бауырлас қос елдің екіжақты және көпжақты қатынастарының кең спектрі қаралды. Саяси, сауда- экономикалық, ғылыми- техникалық, мәдени-гуманитарлық салаларында ынтымақтастықты одан әрі  тереңдету жолдарына ерекше назар аударылды.

ҚР СІМ орынбасары А.Жұмабаев Анкараға іссапары барысында Түркия Сыртқы істер министрі А. Дауытоғлумен кездесті.

Қазақстанның 20  жылдағы жетістіктерін бағалай отырып, Ахмет Дауытоғлу: «Қазақстан Түркияның аймақтағы ең маңызды серіктестерінің бірі, сонымен қатар біздің мемлекеттеріміздің әр бағыттағы екіжақты қатынастары үлгі тұтарлықтай. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев тек сіздің еліңіздің көшбасшысы ғана емес, сондай-ақ бүкіл түркі дүниесінің көшбасшысы», деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар