Анкарада Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына арналған сурет көрмелері ашылды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанының 20 жылдығын тойлау аясында Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі - «Хажеттепе» университеті мен Анкара қаласындағы ірі сауда орталығы «Панорада» Елшілік Қазақстан және қазақстан-түрік ынтымақтастығын бейнелейтін сурет көрмелерін ұйымдастырды.

«Хажеттепе» университетінің үлкен көркемөнер галереясында және «Панорада» келушілердің назарына екіжақты ынтымақтастықтың негізгі кезеңдерінен, Астана, Алматы қалаларының көрікті жерлері, мәдени және тарихи ескерткіштер, Қазақстанның қайталанбайтын және бірегей табиғаты мен жануарлар дүниесінен көрініс беретін 80-нен астам фотосурет  ұсынылды.

Экспозицияға қойылған жұмыстар келушілердің, әсіресе Астана қаласының әдемі көріністері зор қызығушылығын туғызды.

Соңғы жаңалықтар