Анкарада Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына арналған конференция өтті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 8 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі Анкара университетімен бірлесіп Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция жұмысына Анкара университетінің  ректоры, профессор Жемал Талуг, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаев, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті қамқоршылық кеңесінің төрағасы, профессор Осман Хората, Түркия академиялық топтарының өкілдері және университет студенттері қатысты.

Конференция басталар алдында Қазақстанның жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді.

«Анкара» университетінің ректоры кіріспе сөзінде Қазақстанның халықаралық аренадағы ірі табыстарына баса назар аударды. Ол біздің елміздің білім саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады, қазақстан-түрік қатынастарының мәдени-гуманитарлық саладағы қатынастарының үдемелі қарқынмен даму үстінде екендігін атап өтті. Түркия университеттерінде, соның ішінде Анкара университетінде  бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша (соңғы 20 жыл ішінде 119 қазақстандық студент осы университеттің дипломын алды) 53 қазақ студенті оқып жүр.

Өз кезегінде Елші Ж.Түймебаев соңғы жылдары стратегиялық әріптестік рухында дамып отырған қазақстан-түрік қатынастарының биік деңгейін атап өтті. Біздің еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып таныған ел Түркия болып табылатынын айта отырып, Қазақстан халқының бауырлас Түркияға деген ризашылығына және мұны әрқашан есте  сақтайтынына сендірді.

Қазақстандық дипломат жоғарғы деңгейдегі байланыстар екіжақты қатынастардың барлық салалардағы үдемелі дамуының іргетасы болып табылатынын атап өтті. Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның үстіміздегі жылғы 22-24 мамыр аралығында Қазақстанға болған сапары жаңа серпін берді және де қазақстан-түрік ынтымақтастығын соны деңгейге көтеруге бағытталған.   2012 жылғы қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Түркияға ресми сапары жоспарлануда.

Конференция шеңберінде Елшілік Қазақстанның жетістіктері туралы көлемді суреттер көрмесін ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар