Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Анкарада қазақ жастары Елбасының мақаласын талқылады

2018 жылғы 5 желтоқсан 21:04 58
Бөлісіңіз:
Анкарада қазақ жастары Елбасының мақаласын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкарада Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы бойынша кездесу өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы мақаласындағы мәселелер шәкірттеріміздің жұмыстарынан көрініс тауып отырады - Сейітқали Шалабаев Асанәлі Әшімұлы: Ұрпақты тұлға арқылы тәрбиелеу - тәрбиенің ең жоғары сатысы

Жиын Анкара Қазақ жастары Кеңесінің бастамасымен Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде ұйымдастырылды. Оған Түркияның ЖОО-да білім алып жүрген қазақ магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ шетелдік білімгерлер қатысты.

Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық рух пен тарихи сананы жандандыру мақсатында жазылған мақаласының тек қазақ халқының ғана емес, күллі Түркі әлемінің тарихын зерттеуге серпін беретінін, сондай-ақ қазақ тариxының бастауы, халықтың өркениеті, түркі әлемінің адамзат тариxына қосқан үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың жолдары туралы пікір білдірді.

Сонымен қатар, мақаланың қысқа мерзімде бірнеше шетел тілдеріне аударылғандығын, әсіресе түрік зиялыларының зер салып, ықылас танытқандығын айтып өтті.

Магистрант пен доктаранттар мақалада жазылған негізгі бағыттарды талдады және мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірлескен шаралар өткізу жөнінде ұсыныстар талқыланып, жаңадан студент атанған жастар қоғамдық-мәдени патриоттық шараларға атсалысуға шақырылды.

Кездесу барысында жастардың «Ұлы даладағы керуен жолдардың тарихи стратегиясы», «Түбі бір түрік бастауының тарихнамасы», «Ұлы даланың музыкалық сарындары», «Аң стилінің ұлттық нақыштарының тарихы» тақырыптары талқыланып, пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Анкара Университетінің докторанты Дамира Маханова «Архив-2025 мақсатының маңыздылығын, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу мен насихаттау, әрі сақтау - ұлт болашағының кепілі» - деп өз ойын білдірді. Еліміздің тарихында орын алатын ерекше құнды жазбалар туралы айтып өтті.

Анкарада қазақ жастары Елбасының мақаласын талқылады 

Мысал ретінде Армениядаға Месроп Маштоц атындағы Матенадаран ежелгі қолжазбалар Институтында 17 мыңнан астам ежелгі қолжазбалар сақталғандығын, аталмыш институтта қыпшақ тіліндегі қол жазбалардың бар екендігін, бірақ қазіргі таңда бұл қолжазбаларды зерттеп, оқитын маман тапшылығын айтып, осы салада мамандардың дайындалу керектігіне байланысты пікір білдірді.

«Ұлы Жібек жолы мәдени-экономикалық көпір» атты мақаласында Ұлы Жібек Жолының өткені мен бүгінгі үйлесімін талқылаған әлеуметтану зерттеулерінің докторанты Нұрлан Байғалып мақаланың бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде үлкен сұранысқа ие екендігін білдірді.

Биология ғылымдарының докторанты Фахреддин Сағжан «Қазақстанның алма мен қызғалдақтың Отаны» тақырыбында баяндама жасады. Бұл тараудың өзіндік философиясы бар екендігін айтып, қызғалдақтың тез өзгеріске ұшырайтын гүлдің түрі екендігін, осы қызғалдақ сияқты келешек ұрпақ жаңа әлемдік бәсекеге сай болуының символы деп ой білдірді.

Журналистика саласында білім алып жүрген Дінмұхаммед Қасымбек «Ұлт тарихындағы кино және музыканың алар орны» атты баяндама жасады. Бүгінгі таңда, кино саласы идеологиялық өте жоғары дәрежеге ие екендігін айтып, бұл салада жаңа жобалар жасалып ұлттық рухты көтеретін туындылар жарық көру керектігін айтты. Қазақтың әлемге танытылмаған батыр, ақын, жазушылары туралы туындыларды шығару арқылы өскелең ұрпақтың жадына ұлттық рухты құю керектігін айтты.

Анкарада қазақ жастары Елбасының мақаласын талқылады 

Камерундық білімгер Ивес Паулин болса, мақаланың халықаралық деңгейдегі маңыздылығын атап өтті. Сұрақ-жауап барысында білімгерлер тарапынан ұсыныстар да жасалды. Кездесу қонағы Ақтолқын ханым Елбасымыздың әр Жолдауында, әр бағдарламалық мақалаларында ұсынған идеяларын жүзеге асыру халықтың еншісінде екендігін айтып, білімгерлерге университет қабырғаларында мәдениеттті таныту мақсатында орталықтардың ашылуын, біздің батыр, ақын, жазушыларды таныту мақсатымен театр үйірмелерін ашу, кішігірім фильмдер түсірулеріне кеңес берді. Сонымен қатар, ғылым саласын дамыту үшін, шетелдік сарапшы, академиктерді шақырудың орнына білімгерлерді шетелдік ғалымдардың жанына тәжірибе алмасуға жіберу арқылы мамандарды дайындау керектігін айтты.

Елші А. Сапарбекұлы Елбасының мақаласындағы басым бағыттарды жан-жақты түсіндіріп, айтылған ойлардың барлығы жастар үшін келешегін айқындауға септігін тигізетіндігін, осы бағытта өздерін жетілдіру керектігін айтты.

Елші А. Сапарбекұлы 2017 жылы құрылған «Анкара жастары» кеңесінің алдағы уақытта бірге ұйымдастырылатын түрлі шаралар туралы жастардың ой-пікірлерін тыңдап, оларды жүзеге асыруға қатысты нақты ұсыныстарды талқылады.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT