Анкарада Қазақ-Түрік дипломатиялық қатынастарының және АӨІСШК-ні шақыру бастамасының 20 жылдық мерейтойлары атап өтілуде

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 5 қазан. ҚазАқпарат -Үстіміздегі жылдын 4 қазанында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылдың 11-12 қазанында Түркия Республикасына жасайтын ресми сапарының қарсаңында Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына және ҚР Президентінің АӨІСШК-ні құру жөніндегі бастамасының 20 жылдығына орай «дөңгелек үстел» және қабылдау өткізілді.

Іс-шараға Түркия Премьер-министрінің орынбасары Бүлент Арынч, ТР бұрынғы Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек, ТР Парламентінің бұрынғы төрағасы Хикмет Четин, түрік мәдени, академиялық топтарының және БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Осы тарихи оқиғаларға орай іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаев Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығының соңғы 20 жыл ішіндегі дамуының негізгі кезеңдеріне, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегіне, екі ел арасындағы өзара тиімді экономикалық, ғылыми-мәдени және гуманитарлық  байланыстарды нығайту мүмкіндіктеріне назар аударды. Мемлекет басшысының Түркияға алда болатын ресми сапарының, оның барысында жоғары деңгейлі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысының маңыздылығын атап өтті.  Отырыстың қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия Президенттерінің қамқорлығындағы «Жаңа синергия» Бірлескен экономикалық бағдарламасын іске асыру жоспарына қол қойылады. Сонымен бірге ол ү.ж. 5 қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесін шақыру бастамасына 20 жыл толатынын да атап өтті.

Өз сөзінде ТР Премьер-министрінің орынбасары Б.Арынч  екі бауырлас елдер арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толғанын мерекелеудің маңызын және осы кезең ішіндегі біздің еліміз қол жеткізген саяси және экономикалық  жетістіктерін жоғары бағалады.

«Қазақстан - саяси салмағы мен беделі жылдан жылға өсіп келе жатқан, әлемдік аренадағы бірден бір маңызы үлкен мемлекет. Бұған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан зор», - деп атап көрсетті Түркия вице-премьері.

Ол қазақстандықтарға табыстар тіледі және қазақстан-түрік ынтымақтастығының одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Түркия Парламентінің бұрынғы төрағасы Х.Четин біздің еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға, 2011 жылы ИЫҰ-ға төрағалық етуіне, бастамашысы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев болып табылатын АӨІСШК-нің құрылғанына 20 жыл толуына баса көңіл аудара отырып,  Қазақстанның өңірдегі, сондай-ақ тұтасымен алғанда, әлемдегі жемісті сыртқы саяси бастамаларына назар аударды. «

Қазақстан халықаралық аренада үлкен табыстарға қол жеткізді, мұның өзі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың көрегенді саясатының жарқын дәлелі. Қазақстан сондай-ақ түркі әлеміндегі бірігу үдерістерінің, соның ішінде Түркі кеңесін, Түркі академиясын және түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясын құрудың белсенді қатысушысы және бастамашысы болып табылады», - деп атап өтті Х.Четин.

ТР бұрынғы Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек екі ел арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың дамуына жоғары баға берді. «Қазақстан-түрік қатынастары 20 жылдық кезең ішінде  стратегиялық әріптестік рухында дамуда. Бауырлас Қазақстан АӨІСШК-ні шақыру бастамасы арқылы өзінің беделін нығайтты, ол біздің құрлықтағы аса маңызды халықаралық ұйымдардың біріне айналды», - деді Н.К.Зейбек.

Сөз сөйлеушілер сондай-ақ Қазақстан мен Түркия одан әрі өзара сенім мен әріптестікті тереңдетіп, жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық қатынастарын дамыта беретініне сенімдерін білдірді.

Конференция бағдарламасы екіжақты қарым-қатынастардың орнағанына және ҚР Президентінің АӨІСШК-ні құру жөніндегі бастамасына 20 жыл толу құрметіне берілген қабылдаумен жалғасты. Елші Ж.Түймебаев Қазақстан мен Түркия достығы мен ынтымақтастығының дамуына қосқан үлесі үшін ТР Премьер-министрінің орынбасары Б.Арынчқа, ТР Парламентінің бұрынғы төрағасы Х.Четинге және ТР бұрынғы Мәдениет министрі Н.К.Зейбекке «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл»  мерейтойлық медальдарын тапсырды.

Іс-шара қонақтары мерейтойлық оқиғаларға арналған суреттер көрмесін тамашалады. Қатысушыларға Елшіліктің бастамасымен түрік тілінде басып шығарылған Қазақстан мен еліміздің инвестициялық ахуалы  туралы кітаптар, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының мәтіні бар кітапшалар таратылды. Іс-шара БАҚ-да кеңінен жария етілді.

Соңғы жаңалықтар