Анкарада еліміздегі президент сайлауы мен оған дайындық жайы сөз болды

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Анкарада еліміздегі кезектен тыс президент сайлауы мен оған дайындық шаралары жөнінде баспасөз жиынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Отырысқа түріктің белді ақпарат агенттіктері, ірі медиахолдинг өкілдері қатысты. Мұнда қазақстандық тарап БАҚ өкілдеріне еліміздегі президенттік сайлау заңнамасы, науқаны мен үміткерлер жайлы жан-жақты ақпарат беріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімінің мән-мағынасына тоқталды.

Кездесуде журналистер Қазақстандағы діни ахуал, Орталық Азиядағы ынтымақтастық үрдісі, Жібек жолы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығы және екі ел арасындағы сауда-саттық мәселесі туралы сауалдар қойып, өзекті тақырыптар төңірегінде ой бөлісті.

Соңғы жаңалықтар