+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Анкара мен Вашингтон Түркияның Сириядағы операциясын тоқтатуға келісті

2019 жылғы 18 қазан 08:23
Бөлісіңіз:
Анкара мен Вашингтон Түркияның Сириядағы операциясын тоқтатуға келісті

АНКАРА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – АҚШ және Түркия делегациялары Анкарадағы келіссөздер барысында Сириядағы Түркия Қарулы Күштері жүргізген «Бейбітшілік қайнары» терроризмге қарсы операциясы 120 сағатқа тоқтатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қорғаныс министрлігінде әскери қауіпсіздік мәселелері қаралды Алматы көшелеріне 1 мың бейнебақылау камерасы орнатылады Елордада ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды

«Біз қалаған нәтижеге қол жеткіздік», - деді Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу.

Түркия мен АҚШ делегациялары YPG лаңкестерінің қолында тұрған ауыр қаруды жинауға, сондай-ақ, топтың позициясы мен бекіністерін жоюға келісті. Чавушоглу «Бейбітшілік қайнары» операциясының тоқтатылатын мәлім етті.

АҚШ вице-президенті Майк Пенс Түркия мен АҚШ делегацияларының Анкарадағы келіссөздерінен кейін АҚШ YPG террористік ұйымының Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіздік аумағынан 120 сағаттың ішінде шығарылуын қамтамасыз ететінін мәлім етті.

«Біздің мақсатымыз – алдағы 120 сағат ішінде YPG-ні шығару. Аталмыш процесс басталып кетті», - деді саясаткер.

Ол YPG Вашингтонға өз күштерін аймақтан шығаруға кепілдік бергенін атап кетті.

Сондай-ақ, Пенс Түркия мен АҚШ Сирияның солтүстік-шығысындағы ДАИШ-ты түпкілікті жою мәселесі бойынша ортақ пікірге келгенін атап өтті.

Вице-президенттің айтуынша, Сирияның солтүстік-шығысында атыс тоқтатылған жағдайда АҚШ Түркияға қатысты шектеу шараларын жою мәселесін қарастырады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: АҚШ, Түркия,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы - Біржанқызы Сабина

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT