Анкара қаласында Дина Нұрпейісова атындағы саябақ ашылады

None
None
КАРА.18 қазан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Бүгін Анкарада «ТҮРКІСОЙ» халықаралық ұйымы мен Этимесут әкімшілігінің бірігіп ұйымдастыруымен Қазақтың халық композиторы,

белгілі күйші «Дина Нұрпейісова саябағының» ашылу салтанаты болады.

Түркиядағы «Дина Нұрпейісова саябағы» Анкара қаласының Сүвари ауданы, Ахи Месут бульварының 21даңғылында орналаспақ.

Сонымен қатар, бүгін Анкара көркемөнер мұражайында Халықаралық Түркі мәдениет ұйымы «ТҮРКІСОЙ» Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырып Академиялық Қазақ халық аспаптары оркестрінің концерттік бағдарламасын ұйымдастырып отыр.

Қазақтың аса көрнекті сазгері Д.Нұрпейісованың 150 жылдық мерейтойы Түркияда кеңінен аталып өтілуде. Айта кетерлігі, 13-20 қазан аралығында Академиялық Қазақ халық аспаптары оркестрі Мерсин, Хатай, Газиантеп, Анкара, Ыстамбұл қалаларында түркияның өнерсүйер қауымын музыкалық шығармашылығымен тамсандырды.

Соңғы жаңалықтар