Анкара, Баку және Астана диаспоралар ынтымақтастығын кеңейтеді

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркия үкіметінің жанындағы Шетелдегі отандастар және туыс қауымдар істері басқармасы (YTB) Әзербайжанның Диаспора мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетімен және Қазақстан Азаматтық бастамаларды қолдау қорымен ынтымақтастық меморандумын жасасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

YTB кеңсесіндегі шараға оның басшысы Абдуллах Эрен, Юнус Эмре институтының директоры Шереф Атеш және шетелдік студенттер мен ғылыми зерттеушілерге арналған тегін мемлекеттік стипендия бағдарламасына қатысушы студенттер қатысты.

Шарада Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы тарихи-мәдени байланыстардың тереңге жайылған тамыры болашақта қарым-қатынастарды дамытуға кең мүмкіндіктер есігін ашатыны тілге тиек етілді.null 

Абдуллах Эреннің айтуынша, 17 мыңнан астам шетелдік студент Түркияның үздік университеттерінде тегін білім алып жатыр.

Шарада Абдуллах Эрен мен Қазақстан Азаматтық бастамаларды қолдау қорының басшысы Нұртай Әбіқаев «Мемлекеттік құрылымдар арасында диаспора саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қойды. Сондай-ақ «Түркия және Әзербайжан мемлекеттік құрылымдары арасында диаспора саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға» да қол қойылды.null

Құжаттар әлеуметтік, мәдени және экономикалық даму барысында диаспоралар жұмысына үлес қосуға бағытталған. Бұдан тыс, жоғарыда аталған ведомстволар кемсітушілік, исламофобия және расизм көріністеріне қарсы бірге күреседі.

Соңғы жаңалықтар