Англияға бет алған жолаушылар ұшағы Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болды
2013 жылғы 10 шілде, 09:52

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Англияға бет алған жолаушылар ұшағы Ақтөбе қаласының әуежайына қонуға мәжбүр болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
9 шілде күні Алматы-Саузенд бағытына бет алған «Эйр-Астана» компаниясына тиесілі «Эйр ВАS-320» жолаушылар ұшағы техникалық тексеру жүргізу үшін Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайына қонуға мәжбүр болды.
Ұшақта экипаждың 3 мүшесі болған. Жапа шеккендер жоқ.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары