Англияда коронавирус вакцинасының тоқтатылған клиникалық сынағы қайта жалғасады

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – AstraZeneca және Оксфорд университеті әзірлеп жатқан COVID-19 вакцинасын сынау Ұлыбританиядағы пациентке жанама әсер еткен соң тоқтатылған еді. Қазіргі таңда бұл жұмыстар қайта жандандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі күні AstraZeneca сынақтар тоқтатылды деп хабарлаған болатын. Вакцинаның Жанама әсердің вакцинамен байланысы бар ма, жоқ па, анықталып жатыр. Дегенмен сенбіде университет зерттеуді жалғастыру қауіпсіз деп санауға болады деп мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок сынақтарды жалғастыру туралы жаңалықты құптады.

«Сынақты тоқтатуымыз – қашанда қауіпсіздікті бәрінен жоғары қоятынымыздың белгісі. Тиімді вакцинаны мүмкіндігінше тезірек жасап шығару үшін ғалымдарымызды барынша қолдаймыз», – деді ол.

Университеттің мәлімдемесінде мұндай ірі сынақтарда «кейбір қатысушылар ауруы ықтимал деп күтілген» делінген.

Еске салсақ, бұған дейін британдық Оксфорд университеті мен AstraZeneca жасаған коронавирусқа қарсы вакцинаның соңғы клиникалық сынақтары тоқтатылғанын, вакцина Ұлыбританиядағы қатысушыларының біріне кері әсері болғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар