+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Англияда карантин талаптарын бұзғандарға 10 мың фунтқа дейін айыппұл салынбақ

2020 жылғы 29 қыркүйек 10:14
Бөлісіңіз:
Англияда карантин талаптарын бұзғандарға 10 мың фунтқа дейін айыппұл салынбақ

ЛОНДОН. ҚазАқпарат –Осы апта басынан бастап Англияда оқшаулау режимін бұзғаны үшін төленетін айыппұл көлемі өсті. Бұл айыппұл үйден тыс жерде болған немесе Covid-19 белгілері бар немесе науқастарды бақылап отыратын «Test and Trace» бағдарламасының қызметкерлері хабарласқаннан кейін анықталатын адамдарға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Алғаш рет режимді бұзушылар 1000 фунт (шамамен 1,3 мың доллар) төлеуге мәжбүр болады. Карантинді екінші рет бұзғандар үшін 10 мың фунтқа дейін (13 мың АҚШ доллары) айыппұл қарастырылған.

Үкімет өзін-өзі оқшаулау режимі тағайындалған адамдардың өте аз пайызы оны ұстанатындығын көрсеткен зерттеу нәтижелерінен кейін айыппұлды көбейтуді шешті. Британияның Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия сияқты өңірлері де осындай шараларды енгізуді жоспарлап отыр.

Британияның NHS ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері үкімет бөлек құрған Test and Trace бағдарламасын сынға алды. Дәрігерлер Test and Trace алдағы қыста сынақтарға деген үлкен сұранысты еңсермеуі мүмкін және қосымша ресурстарға мұқтаж деп алаңдап отыр.

«Бағдарлама ел үшін өрт пен қылмысқа қарсы күрес сияқты маңызды, егер ол жұмыс істемесе, бәріміз зардап шегеміз», деді BBC-ге берген сұхбатында NHS Providers ұйымының басшысы Крис Хопсон.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT