Англияда карантин талаптарын бұзғандарға 10 мың фунтқа дейін айыппұл салынбақ
Алғаш рет режимді бұзушылар
Үкімет өзін-өзі оқшаулау режимі тағайындалған адамдардың өте аз пайызы оны ұстанатындығын көрсеткен зерттеу нәтижелерінен кейін айыппұлды көбейтуді шешті. Британияның Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия сияқты өңірлері де осындай шараларды енгізуді жоспарлап отыр.
Британияның NHS ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері үкімет бөлек құрған Test and Trace бағдарламасын сынға алды. Дәрігерлер Test and Trace алдағы қыста сынақтарға деген үлкен сұранысты еңсермеуі мүмкін және қосымша ресурстарға мұқтаж деп алаңдап отыр.
«Бағдарлама ел үшін өрт пен қылмысқа қарсы күрес сияқты маңызды, егер ол жұмыс істемесе, бәріміз зардап шегеміз», деді BBC-ге берген сұхбатында NHS Providers ұйымының басшысы Крис Хопсон.