-
ОНЛАЙН:
Англияда барлық оқу орындары 8 наурызда қайта ашылады

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Премьер-министр Борис Джонсон ел үкіметінің Англияда коронавирусқа байланысты салынған тыйымдарды алып тастау жөніндегі жоспарлары туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Мектептер мен колледждерде барлық білім алушылар оффлайн оқу форматына қайта көше алады.
Б.Джонсон депутаттарға білім алушылар оқуға оралуы үшін орта мектеп пен колледж студенттері аптасына екі рет Covid тестілеуінен өтіп тұруы керектігін айтты.
Мектеп ғимараттарындағы балалар клубтары 8 наурыздан бастап қайта ашылады.
«Практикалық оқытуды, арнайы мүмкіндіктерді немесе сол жерде бағалауды» талап ететін жоғары білім беру курстарында оқитын студенттер де 8 наурыздан бастап дәстүрлі білім форматына көшеді.
Джонсон үкімет колледждер мен университеттерде күндізгі оқуды қайта бастау мерзімдерін қарастырып жатқанын және ол шешім Пасха мерекесінің соңына қарай қабылданатынын айтты.
- Елордада балалардың кітап оқуын қолдау жылы ресми түрде ашылды
- «Аdaldyq alańy»: жобадан - жалпыұлттық қозғалысқа
- Атырауға коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 5600 дозасы жеткізіледі
- Нигерияда қарулы топ 50 адамды ұрлап кетті
-
Медеуде шлагбаумы бар ақылы көлік тұрағы пайда болады
-
Жомарт Ертаевқа ақша жымқыру ісі бойынша жаңа үкім шығарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам