Англияда аквариум балығына ота жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Англиядағы Норт-Уолшем қалашығында жеті сантиметрлік аквариум балығына ота жасалды.

Балыққа өңеш бітелуі диагнозы қойылған, деп жазады ВВС. Ота бір сағатқа жуық уақытқа созылған. Оны ветеринар Фэй Беттел жүргізді. Дәрігерлер кішкентай балықты жансыздандыратын дәрі егу арқылы ұйықтатып тастады.

Айта кетейік, балықтың иесі бұл ота үшін 380 еуро төлеген.

Соңғы жаңалықтар