Англия жағалауының үштен бір бөлігі су астында қалуы мүмкін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2050 жылға қарай теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты Англияда тұрғындар 200 мыңға жуық жылжымайтын мүлікті тастап кетуге мәжбүр болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі BBC жаңалықтарына сілтеме жасап.

Пол Сэйерстің «Мұхит және жағалау аймақтарын басқару» халықаралық журналында жарияланған есебінде теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты Англия жағалауының үштен бір бөлігі су астында қалады деп хабарланған.

Температураның 2100 жылға қарай 2°C жоғарылауынан теңіз деңгейінің қалыпты көтерілуі туындайтынын болжасақ, 2050 жылға қарай 160 000-ға дейінгі нысанға қауіп төнетіні аталып өтті. Қазірдің өзінде 30-35 мыңға жуық ғимарат қауіпті жағдайда деп танылды. Су басу қаупі бар ғимараттардың көбі Англияның оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және шығысында орналасқан.

Зерттеуде бірінші рет қорғанысты жақсарту құны тым жоғары немесе техникалық мүмкін болмайтын жерлер қарастырылған.

Теңіз деңгейінің көтерілуі жағалауды су басу қаупін күшейтіп қана қоймайды, сонымен қатар ірі толқындардың әсерінен эрозияға ұшырауын да жеделдетеді.

Қазір су тасқыны Түркияда және Оңтүстік Африкада болып жатыр.


Соңғы жаңалықтар