Англия пластик ақшаға көшуге дайындық үстінде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландтық Клайдсдейл банкі 2015 жылдың наурызында номиналы 5 фунт стерлинг болатын 2 миллион пластик ақша шығаруға әзірлік үстінде.

Бұл қаржылық мекеме шотландтық ақша шығаруға лицензиясы эмиссиондық банк болып табылады. Келесі жылы Англияда пластик ақшаның айналымға енгізілуіне сәйкес бұл банк пластик бестіктің шектеулі сериясын шығаруды жоспарлап отыр.

Полимер материалдан жасалған жаңа банкноттарда Шотландиядағы Ферт шығанағы арқылы өтетін көпір бейнеленеді. Келесі жылы аталған нысанның салынғанына 125 жыл толмақ. Әлемде 20-дан астам елде пластик ақша айналымға енгізілген. Мамандардың айтуынша, мұндай ақшаны қолдан жасау өте қиын әрі олардың тозу уақыты да ұзағырақ. Ұлыбританияда мұндай ақша жаңалық емес. 1999 жылы Солтүстік Ирландияда номиналы 5 фунт стерлинг болатын банкнот айналымға енгізілген болатын. Ең алғаш пластик ақша 1983 жылы Мэн аралында пайда болған еді. Алайда, бояудың дұрыс жағылмауына байланысты 1988 жылы аталған банкнот айналымнан шығарылған болатын.

Соңғы жаңалықтар