Англия мен Шотландияның арасындағы теміржолға ағаш құлап, қатынас үзілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Англия мен Шотландияның арасындағы теміржолдың электр сымдарына ағаш құлап, пойыз қатынасы үзіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Virgin Trains компаниясына сілтеме жасап.

Осы бағдардың пойыз қатынасын Virgin Trains компаниясы қамтамасыз етеді. Оқыс оқиға Карлайл (Англия) және Локерби (Шотландия) елді мекендерінің арасындағы учаскеде болған. Учаске Шотландияның батысындағы Ирланд теңізінің жағалауындағы аудандарға қарайды.

Келеңсіз жағдай табиғаттың тосын мінезіне байланысты болды. Қазір бірнеше күннен бері Ұлыбританияда нөсер толастамай, су тасқындары болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау агенттігі Англияның өзінде кей аумақтарды су басу қаупі туралы 44 ескерту жариялаған.

Ал Шотландияның Абердин қаласында белгілі әнші Род Стюарттың ашық аспан астында өтуі тиіс концерті кейінге қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар