05:35, 05 Тамыз 2022 | GMT +6
Англия банкі базалық пайыздық мөлшерлемені 1,75%-ға көтерді
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Англия банкі базалық пайыздық мөлшерлемені 1,25 пайыздан 1,75 пайызға дейін көтерді. Мұндай шешім Ұлыбритания мен Еуропадағы инфляция деңгейінің күрт өсуіне байланысты қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еuronews-ке сілтеме жасап.
Бұл ретте Англия банкі таяуда болатын ақша-несие саясаты жөніндегі комитеттің отырысында қатаң шаралар қабылдауы мүмкін екенін мәлімдеді.
«Энергия бағасының қымбаттауынан түсімдер мен кірістер көлемі азайды. Осылайша, Ұлыбритания мен Еуропа елдерінде экономикалық белсенділік деңгейі нашарлап отыр», - деді Англия банкінің басшысы Эндрю Бэйли.
Оның айтуынша, Ресей мен Украинаның арасындағы шиеленіскен жағдай - Ұлыбританиядағы инфляцияға теріс әсер еткен негізгі фактор. Сондай-ақ, Эндрю Бэйли инфляцияны 2 пайыздық деңгейге қайтаруға ықпал ететін ақша-несие саясатын енгізуден бас тартпайтынан мәлімдеді.
Еске салайық, Англия банкі бұған дейін де базалық пайыздық мөлшерлемені көтерген болатын.