Англия банкі базалық пайыздық мөлшерлемені 1,25%-ға дейін көтерді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Англия банкі инфляцияны төмендету шаралары аясында базалық пайыздық мөлшерлемені 1,25 пайызға дейін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ABC News арнасына сілтеме жасап.

Англия банкі инфляция сәуірде 9%-ға жеткеннен кейін осы жылдың соңына қарай 10%-дан жоғары өседі деп болжайды, бұл - 1982 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Қысымға ұшыраған Англия банкі пайыздық мөлшерлеменің тым тез көтерілуінен сақтанып, британдық экономика бастан өткеріп жатқан инфляциялық факторлардың көбі банктің сыртқы және бақылауынан тыс екенін алға тартады.

Англия банкінің бұл қадамы сәрсенбі күні АҚШ Федералды резервтік жүйесінің G7 елдері арасындағы Америкадағы инфляцияның ең жоғары деңгейі жағдайында өзінің эталондық пайыздық мөлшерлемесін 75 базистік пунктке - 1,5%-дан 1,75%-ға дейін көтеру туралы қадамынан кейін болды.


Соңғы жаңалықтар