Ангелина Лукас Петропавлдағы турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды

None
Фото: t.me/sportilinet
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Балауса Мұздиман Петропавлда бокстан өтіп жатқан спартакиаданың ширек финалында Ангелина Лукасты жеңді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Шредингер спорты» Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші раундты Балауса – 4:1, екінші кезеңді – 3:2, ал үшінші кезеңді 4:1 есебімен аяқтады. Нәтижесінде Мұздиман 5:0 ұпаймен жеңді», – делінген хабарламада.

Әйелдер арасындағы спартакиада бүгін басталды. Медальдар 48, 50, 52, 54, 57, 60, 63, 66, 70, 75, 81 келіге дейінгі және 81 келіден жоғары салмақта ойнатылады.

турнир 22 мамырда аяқталады.

Айта кетейік, бұған дейін Ангелина Лукас ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында жеңіл жол іздемейтінін, мықты қарсыластарға дайын екенін айтқан болатын.

Биылғы сәуір айының соңында Ыстанбұлда А.Лукас WBC атағын жеңіп алған болатын.


Соңғы жаңалықтар